Ж. Жанықұлов: Жұмыс берушілердің мүддесін қорғаймыз

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне байланысты «Қауіпсіз еңбек: жаңа сын-қатерлер мен цифрлық шешімдер» атты халықаралық көрме-форумы өтті. Шараның ұйымдастырушысы – «PARYZ» Жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясы. Форумда екі күн қатарынан отандық өндірушілер көрмесі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жаңа тәсілдер мен өзгерістер талқыланды. Негізгі тақырып – жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы байланысты бір жүйеге келтіру.
ЖҰМАБЕК ЖАНЫҚҰЛОВ, «PARYZ» ҰЛТТЫҚ ЖБК ПРЕЗИДИУМ ТӨРАҒАСЫ:
— Өңірлік келісімшарттар бар. Қазақстанда әрбір өңірдегі жұмыс берушілердің мүддесін біз қорғаймыз. Жұмысшыларды профсоюз қорғайды. Үкіметпен үштарапты отырып әр мекеменің жағдайын талқылап, оң шешім табуға тырысамыз.
———————————————