8-сынып оқушысын зорлаған мұғалім өмір бойына сотталды

Семейде 8-сынып оқушысын зорлаған мұғалім өмір бойына сотталды. Сот процесі жабық режимде өтті. Айыпталушы 32 жаста, ал жәбірленуші 14 жасқа да толмаған. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі оқушыны оңаша алып шығып, жымысқы ойын көлігінде жүзеге асырған. Ол өле-өлгенше жазасын түрмеде өтейді. Сондай-ақ баланың қасына мүлдем жақындауға болмайтын үкім шығарылды.
НИЯЗ ХАСЕНБАЕВ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Абай облысы бойынша мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен азамат Т. Қылмыстық Кодекстің 120-бабы 4-ші бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына педагогикалық қызметтер атқару құқығынан айырыла отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейді.
———————————————