Жүйкесі сыр беріп, өшін баладан алды. Қостанайда жасөспірім қыздың денесін күйдірген тәрбиеші қатыгездігін отбасындағы қиын жағдаймен байланыстырады. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Егер кінәсі дәлелденсе, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиға дамуында ауытқуы бар балалар орталығында болған. 16 жастағы жасөспірімнің иығына тәрбиеші қызып тұрған үтікті басып алған. Алайда сол сәт бейнебақылау камерасына жазылмапты. Дәлел ретінде қолына үтік алып, балалар бөлмесіне кіріп-шығып жүрген жазбасы сақталған.
ӘЛИЯ МЕКЕБАЕВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қызметтік тергеу жүргіздік. Тәрбиешінің отбасында қиындық болған екен. Директорға қатаң сөгіс беріліп, қызметінен босатылды. Тағы екі мұғалім, 1 санитар жұмыстан шығарылды. Бас медбике, әдіскер мен директордың орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.