Жалған жолмен несие рәсімдегендер ұсталды

Ақмола облысында 450 адамның атына 5 миллиард теңге несие рәсімдеп жіберген қылмыстық топ ұсталды. Зеренді ауданы халқымен кездесу барысында белгілі болған Прокурорларға аса ауқымды алаяқтық . Тексере келе топ мүшелері жалған жолмен несие рәсімдеуде нақты рөлдер мен міндеттерді бөліп алып орындап отырғаны әшкере болды.Және де алаяқтық құрбаны болғандар әлеуметтік осал топтарына жататын қазақстандықтар екен.
МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша 24 тұлға күдікті деп танылып, оның 15-і соттың санкциясымен қамаққа алынды. Тергеп-тексеру жалғасуда.
———————————————