Ақтауда жаңадан салынған 80 мың шаршы метрлік кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен болған Мемлекет басшысы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді.
Азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысан аймақта алғаш рет салынды. Бұл орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету үшін бой көтерген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аумағында орналасқан технология паркінің жұмысымен де танысты. Мемлекет басшысына инновациялық зертханалар мен шеберханалар көрсетілді. Онда студенттер мен жас мамандар электроника, роботты техника, лазермен кесу, ағаш және металл өңдеу, полиграфия, 3D-дизайн, тігіншілік дағдыларын меңгереді. Президент көпфункционалды спорт кешенінде де болды. Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.