2027 жылы Алматыда Freedom Cloud деректор орталығы бой көтермек. Ең ірі цифрлық нысанның құрылысы бүгін бастау алды. Жоба IT секторды дамытып, елге жаһандық технологияларды тартпақ. Үлкен ақпараттық деректерді өңдеуге қауқарлы. Ал энергия тұтынуын бір қаламен салыстыруға болады. Цифрлық технологияларға негізделген нысан Еуропа мен Қытай арасындағы маңызды транзиттік орталыққа айналмақ. Қазақстанның цифрлық хабы ретінде ұстанымын нығайтады. Жобаға 175 млрд теңге инвестия салынған. Алдағы уақытта Қарағанды да IT орталықтар желісін кеңейтіп, Алматы мен Астанада екі орталық ашу жоспарланған.
ТИМУР ТУРЛОВ, «ФРИДОМ ХОЛДИНГ» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Әрине, біз қазір Орталық Азиядағы ең озық цифрлық елдердің біріміз. Бұл талас тудырмайды. Бізге әрі қарай осы бағытта қарқынды дами беру керек. IT әзірлеушілер, интерграторлар және солардың бәрі жұмыс істейтін инфрақұрылым қажет.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.