Ұлы Отан соғысында еліміздегі төрт адам екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, соның екеуі – қостанайлық. Қос батыр Иван Павлов пен Леонид Беда. Екеуі де ұзақ өмір сүрген жоқ, алайда қостанайлықтар оларды естен шығармай, мүмкіндігінше ақпарат қорын толықтырып келеді. Солардың бірі – кітапханашы Раиса Борисенко. Аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Леонид Беда туралы көп мәлімет білетін жан. Соңғы жылдары ол «Ерлік, туған жер – Ерге тағзым» атты халықаралық жобаның аясында құрылған «Лида – Қостанай» бауырластық тобының құрамында болды. Леонид Беданың өмірінде Қостанай мен Беларусьтегі Лида қаласы ерекше орын алады. Ол бірінде дүниеге келсе, екіншісінде соғыстан кейін қызмет етті. Ал Иван Павлов ұшу жаттығуылары кезінде қаза тапты. Оны Қостанайда құрметпен жерледі. Музейде сақталған жеке заттарын 60-шы жылдары әкесі тапсырыпты.
РАИСА БОРИСЕНКО, «ЛИДА-ҚОСТАНАЙ» ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАСТАМАСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:
— Біздің буын соғыс ардагерлерінің, батырлардың естеліктерін сақтап қалды. Ал жаңа ұрпаққа бұл туралы ұмытпау үшін жиі еске салып, айтып отыру қажет. Олар осы ақпаратты келесі ұрпаққа жеткізеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.