Тәрбиеші жасөспірім қыздың денесін үтікпен күйдірген | 18.04.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

ШЕРЗАТ ПОЛАТ ІСІ
Қатыгездікпен ұрып-соқты. Қару қолданды. Шерзат Полаттың туыстары жантүршігерлік деректерді жария етті. Сот отырысы кезінде жәбірленушілерге қайта-қайта жедел жәрдем көрсетілді.

ӨМІР БОЙЫ ТҮРМЕ
Семейде 14 жасқа толмаған оқушыны зорлаған мұғалім өмір бойына сотталды. Абай облысында зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты.

VIP КӨКӨНІС
Картоп бағасы күрт өсті. Алматыда көкөністің келісі 1300 теңгеден сатылып жатыр. Картоп бағасын тұрақтандыруға бөлінген қаражат қайда кетті?

АЛАЯҚ АВТОСАЛОН
Қызылордада бір көлікті бірнеше адамға сатып жіберген автосалон анықталды. Ал қарапайым тұрғында көлік те жоқ, ақша да жоқ. Есесіне несие төлеп жүр.

ӘУЕДЕН СОҚҚЫ
Ұшақ пен дрон егістікті шегірткеден құтқара ма? Түркістан облысында марокколық шегіртке қаптап кетпес үшін әуеден дәрі себілді.
———————————————