Қазақстандық шахматшылар 10 алтын қанжығалады

Сүйінші жаңалық! Жас шамхатшыларымыз рапид пен блицтен әлемді мойындатты. Қазақстандық шахматшылар 10 алтын, төрт қола медаль қанжығалады. Интеллектуалды ойын бәсекесінде Алиша Бисалиева, Әміржан Әнетов, Елназ Қалиахмет, Ерғали Сүлеймен әлем чемпионы атанып, елдің даңқын асырды. Әсіресе қыздар бәсекесінде 8 жасар Алиша Бисалиева алдына жан салмады. Рапид пен блицте барлық 22 партияда жеңіске жетті. Турнир Грекияның Родос аралында өтті. Онда әлемнің 49 елінен, 400-ден аса спортшы бақ сынасты.
ТИМУР ТУРЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Балалар шын мәнінде тамаша ойнады. Әрбір партия ұл-қыздарымыздың шеберлігі, мінезі және ерік-жігерінің айқын көрінісі болды. Біз турнир сайын әлемдік деңгейде биіктен көрінетін қазақстандық шахматшылардың жаңа легін көріп, мақтанамыз. Қазақстан шахмат федерациясы жас дарынды қолдап, дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі жеңіс – жүйелі жұмыстың және жастарға деген сенімнің жарқын дәлелі.
———————————————