9 жасар қыз соғыс ардагерін қағып кетті

Петропавлда бағдаршамнан жүгіріп өтіп бара жатқан 9 жастағы қыз соғыс ардагерін қағып кетті. Майдангер жол ортасында құлаған. Қарияны осы маңнан өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі байқап, жедел жәрдем шақырытқан. 99 жастағы Василий Макиенко ауруханаға жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің жіті бақылауында. Оның жамбасы сынған. Полиция бұл фактіге қатысты барлық куәгерді анықтап, сотқа дейінгі тергеп-терсеруді бастады. Бүгінде Солтүстік Қазақстан обылысында көзі тірі үш соғыс ардагері бар. Солардың бірі – десантшы Василий Макиенко. Қарт жауынгер күнде өзі серуендеп, саябақта көгершінді тамақтандыруды әдетке айналдырған.
ОЛЕСЯ ЦОЛЬ, АРДАГЕРДІҢ НЕМЕРЕСІ:
— Бұл жарақаттың салдары қандай болары белгісіз. Дегенмен атамыз әлі-ақ аяққа тұрып кетеді деген үміттеміз. Біздің қазіргі басты уайымымыз – 9 жастағы қыз баланың анасының жауапкершіліктен қашып кетпеуі.
———————————————