Алматы қаласында үш қаржы пирамидасы жойылды. Оны ұйымдастырушылар салымшыларды трейлерді көру арқылы жоғары пайда табамыз деген сылтаумен инвестиция салуға үгіттеген. Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және оларды транзит жасау үшін пайдаланылған криптовалюталық әмияндар анықталды. Соттың бекіткен санкциясымен 3,8 миллион USDT мөлшеріндегі криптоактивтерге тыйым салынды.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Жоба тоғыз деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңгені құрады, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды. Мысалы, «Warner Bros» жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін «есептелетін» сыйақылар алған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.