Бүгін Рим Папасы Франциск дүниеден озды. Хорхе Марио Бергольо 88 жасқа қараған шағында Ватикандағы резиденциясында көз жұмды. Ол 2013 жылдың 13 наурызынан бері қасиетті тақта болды.
Айта кетейік, ол 2022 жылы Қазақстанға келген. Астанадағы VII әлемдік және дәстүрлі діндер сьезіне қатысты. Сол кезде қазақтың домбырасын алып, біздің туымызға «саясат пен дін арасындағы балансты сақтау» символы деген баға берген болатын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.