Еліміздің шығысында құрылысы 10 жылға созылған «Өскемен – Алтай – Рахманов қайнарлары» жолы биыл ашылады. Ең ірі Бұқтырма су қоймасы мен Катонқарағай ұлттық паркін жалғайтын жаңа автомобиль трассасын салу 2017 жылы басталған болатын. Алайда ол мемлекеттік орман қоры арқылы өткендіктен, учаскені қор иелігінен шығару процесі 4 жылға созылды. Осы аралықта жоба құны өсіп, мердігер де ауысқан. Қазір нысанды уақытылы тапсыру үшін мамандар жұмысты үдетті. Мәселен, Пихтовка шатқалындағы биік таулы көпірді салу осыған дейін 10 ай деп бікітілген болса, жаңа жобада ол алты айда аяқталуға тиіс.
НҰРБЕК ТЕМІРХАНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ:
— Жаңа учаске ашылғаннан кейін жол 4 шақырымға қысқарады. Ал қолданыстағы ескі жол-серпентин жолды біз қыс мезгілінде жабамыз. Ол тек жазғы кезеңде, яғни туристер үшін ғана ашық.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.