Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды. Жеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отыр. Сондай-ақ Ақбұлақ өзенінің арнасын тазалау жалғасады. Келесі айда «Қазақстан» спорт кешенін жаңғырту жұмыстары басталады. Астанада ағаштарды құжаттандыру және цифрландыру арқылы есепке алу шаралары қолға алынады. Қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса, тиісті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.