Қонаев қаласында жаңа жағажай ашылды

Жалпы Президент кез келген қаланы абаттандыру, көгалдандыру ісіне мұқият қарайды. Мемлекет басшысының бұл бастамасын Freedom Holding Corp компаниясы да үнемі қолдап келеді. Айталық, Қонаев қаласында ұзындығы бір шақырымдық жаңа жағажайдың ашылу салтанаты өтті. Аталған нысанның құрылысына Freedom Life компаниясы 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. «Бұл жер болашақта қала тұрғындары мен меймандарының және саяхатшылардың сүйікті демалыс орнына айналады деген сенімдеміз», — дейді жобаны жүзеге асыруға атсалысқан инвесторлар.
Қонаевтағы жаңа жағажайдың құрылысы өткен жылдың жазында басталды. Абаттандыру жұмыстары барысында нысан толық өзгеріп, жаяу жүргіншілер жолы төселді. Ыңғайлы орындықтар мен қоқыс тастайтын жәшіктер және жарық беру құрылғылары орнатылды. Балалы отбасылар үшін замануи ойын алаңдары салынған. Ал спортпен шұғылданатындарға воркаут-аумағы жасалды.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Бүгін жаңартылған жағажайды ашып жатырмыз. Бұл қала тұрғындарына да, қонақтарға да өте бір ыңғайлы, осы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған нысанның бірі болады. Бұл жерде заманауи біздің урнабистердің толық ойлары, идеялары іске асырылған.

ТИМУР ТУРЛОВ, FREEDOM HOLDING CORP КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Қонаев – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі. Сондықтан қазір осында сымсыз ғаламтор желісін орнатып жатырмыз. Біз облыстық әкімдіктің жаңа жағажай салу туралы ұсынысын қуана құп алдық. Соның арқасында, міне, бүгін Қонаев қаласына осындай әдемі нысанды сыйға тарттық.

Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан жаңа жағажайдың ұзындығы бір шақырым. Онда ағаш көшеттері мен гүлдер егіліп, су бұрқақтары орнатылды. Жағажайға апаратын баспалдақ пен шағын футбол ойнауға арналған алаңы да бар. Freedom Life компаниясы жобаны жүзеге асыруға 4,53 млрд теңге бөлді.

НҰРМҰХАМЕД ЖАНАТБЕКҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Мұндай жағажайлар әсіресе жастарға керек. Өз уақыттарын жаман нәрсеге жоғалтпай, үлкен спортпен айналыссын деген ойдамыз. Өте қатты ұнайды, жағажайымыз жақсы. Жұртқа қолайлы, әрқашан кешкісін келіп, серуендеп кетуге керемет.

Freedom Holding Corp компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов мұндай қайырымдылық жобаларының алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
———————————————