Жетісу облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда жыл басынан бері 30-дан астам жол апаты болып, 14 адам қаза тапты. Полиция қызметкерлері заңбұзушылықты анықтау үшін ұшқышсыз басқарылатын құрылғыны қолдануға кірісті. Дрон арқылы тәртіп сақшылары жол ережесін бұзғандардан бөлек, айыппұл төлемегендерді, техникалық тексеруден өтпегендерді және сақтандырылмаған көліктерді де жылдам анықтап жатыр. Қаңтар айынан бері 15 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелсе, соның он пайызға жуығы осы ұшу аппаратымен анықталған.
ЕЛДОС ТӘУІРБЕКОВ, ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ағымдағы жылдың 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында республика деңгейінде қауіпсіз жол атты жедел профилактикалық іс-шара өткізілді. Ісшараның мақсаты жол жүру ережесін қадағалау, жол көлік оқиғасының алдын алу. Ағымдағы жылдың басынан 15200 әкімшілік хаттама толтырылды. Соның дрон құралымен 103 әкімшілік хаттапма толтырылып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.