Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
БЛОГЕРГЕ БҰҒАУ
Хайп қуамын, деп 10 жасар баланың өміріне балта шапты. Оқушыны қатарластары мазақтап, буллинг жасай бастаған. Психологиялық күйзеліске ұшыраған жеткіншектің анасы блогерді сотқа берді.
ҚАРИЯНЫ ҚАҚТЫ
Петропавлда 99 жастағы соғыс ардагерінің аяғы сынып, ауруханаға түсті. Қарт майдангерді көшеде ойнап жүрген бала байқаусызда иығымен қағып кеткен. Енді жалғыз ілікті қарияның денсаулығына кім жауап береді?
СОТ ОРЫНДАУШЫҒА САУАЛ
Сот орындаушылар халықтың титығына тие бастады. Былтыр олардың үстінен 89 мың шағым түскен. Үкімет сағатында елдің есепшотын жөн-жосықсыз бұғаттап, тығырыққа тірейтін қызметкерлердің іс-әрекеті талқыланды.
КУРОРТҚА АПАРАР ЖОЛ
Туристер таулы аймақтағы курортқа тақтайдай жолмен барады. Шығыс Қазақстан облысында тоғыз жылдан бері тоқтап тұрған жол құрылысы қайта жанданды.
САҚШЫ ДРОН
Жолдағы тәртіп әуеден бақыланады. Жетісу облысының сақшылары ереже бұзғандарды дронмен анықтай бастады. Әуеде қалықтайтын құрылғы қала сыртындағы қозғалысты реттеуге қолданылып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.