Бұл – миллион оқырманы бар Дариға Нүркеева. Виртуалды әлемде «Daricorn» лақап атымен белгілі блогер тағы да дауға ілікті. Көлікте музыканы шегіне қойып, көшеде жол ережесін бұзғаны үшін оған 60 мың теңге айыппұл салынды. Ешқандай белгі бермей, бір жолақтан екіншісіне көстеңдеп өткен бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды. Апатты жағдай тудырған сәтте көлікте басқа да жолаушы болған.
«Заң бәріне ортақ. Сондықтан оның атақ-даңқы маңызды емес, ережені бұзса жауапқа тартылады», — деді полиция өкілдері.
Айта кетейік, блогер бұған дейін де өрескел әрекетімен жеткіншекті жерге қаратқан болатын. Баланың анасы оны сотқа бергенін кеше айттық.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.