Астанада жылу маусымы аяқталды. Өңірде әлі де күн суытып, үскірік күтілетініне қарамастан қала жылудан ажыратылды. Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы күндері күндіз термометр 23 градусқа дейін көтерілсе, түнде 9 градусқа дейін салқындайды. Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын, солтүстік және орталық аймақтарда үсік жүретінін болжайды. Алайда әкімдік елордада жылы болады деген сеніммен жөндеу жұмыстарына кірісіп жатыр.
САҒАТБЕК ЖЕТПІСОВ, «АСТАНА-ЭНЕРГИЯ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— 2,77 миллиард теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған. Дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мердігерлермен негізгі жабдықтың барлық күрделі жөндеу жұмысы бойынша келісімшарт жасалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.