Денсаулық сақтау министрлігі мобильдік бригадалардың жұмыс тәртібін өзгертіп жатыр. Бұған науқастардан толассыз түскен арыз-шағым себеп. Халық жедел жәрдемді ұзақ күтеміз деп наразы.
Жаңа жұмыс тәртібіне 103 қызмет 1 мамырдан бастап көшеді. Өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртуларға осы мобилдік бригадалар барады. Себебі созылмалы аурулардың өршуіне байланысты жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы осы санаттан түсіп жатыр. Мұндай шақыртулар шұғыл көмекке мұқтаж адамдарға кедергі келтіреді. «Өзгерістер жүктемені азайтып, күту уақытын қысқартады», — деп есептейді министрлік өкілдері.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.