Жасанды интеллект медицина және өнеркәсіп салаларында қолданылады

Биыл 650 мың студент жасанды интеллекті игере бастайды. Жоғары оқу орнының шәкірттері зияткерлік зерде игілігін қолдану тәсілдерін үйренбек. Білім және ғылым министрлігі осындай міндет қойып отыр.
Жастар белсенді. Өндіріс және медицинада цифрлық технологияға негізделген жобаларын ұсынып жатыр. Солардың бірі – өскемендік студент Мұхамед Төлегенов. Жас өнертапқыш смарт-камералар арқылы зауыттардағы жұмыс барысын бақылайтын бағдарлама әзірледі. Өндіріс орындарында қауіпсіздік ережелері бұзылса, автоматты түрде кәсіпорынның басқару орталығына хабар түседі. Тағы бір ғылыми жобаны инженер бағдарламашы Давид Борзинец ойлап тапты. Оның жобасы науқастардың сынамаларын егжей-тегжейлі есептейді. Сол арқылы аурудың клиникалық көрінісін жасайды. Медицинадағы бұл жаңалық Астананың беделді клиникаларында сынақтан өтіп жатыр.
ДАВИД БОРЗИНЕЦ, ИНЖЕНЕР-БАҒДАРЛАМАШЫ:
— Астанадағы емханалар біздің жобаға қызығушылық танытып отыр. Біз денсаулық сақтауды ақпараттық қолдаудың мемлекеттік жүйесіне біріктіре отырып, бүкіл ел бойынша жүзеге асырамыз деп үміттенеміз.
———————————————