Студенттер арасында шахмат турнирі өтті

Қазақстан шахмат федерациясы өкілдерінің айтуынша, интеллектуалдық атмосферада дәлдік пен шеберлікті арттыратын шахматтың студенттер арасында өткізілуі тегін емес. Биыл федерация жеті педагогика университетінде майнер бағдарламасын ашып жатыр. Тіпті 600-ге жуық мектепте шахмат пән ретінде оқытылмақ.

ГҮЛМИРА ДӘУЛЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Қазақстан шахмат федерациясы алғаш рет University Chess Cup деген жарыс өткізейін деп жатыр. Бұл жарыста Қазақстанның ең басшы университеттері қатысып жатыр. Жоғары оқу орындары бізді қолдап жатыр, көптеген жарысты университет қабырғасында да өткізіп жатыр.

Шахматтан жарыс жолында 26 команда. Командалық турнир швейцариялық жүйе бойынша өтетін 9 турдан тұрады. Жеңімпаздар командалық ұпайдың ең көп саны бойынша анықталады. Жүлде қоры – 3 миллион теңге. Қатысушылардың бәрі жеңістен үмітті.

АСЫЛҒАЗЫ КӨРКЕМТАЙ, ШАХМАТ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСУШЫ:
— Осы турнирде орын алуға барынша күш салуға тырысамыз. Біз үнемі дайындалып жүреміз. Өйткені турнирлар жиі болып тұрады. Осы турнир біз үшін үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

Еліміздегі 119 жоғары оқу орнында 600 мыңнан астам студент білім алып жатыр. «Ендеше, осындай бірлескен жобалар жастар арасында бұқаралық спортты насихаттап, дамытуға бағытталған», — дейді ұйымдастырушылар.

МҰХТАР ЕСҚАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ СТУДЕНТТЕР СПОРТ ОДАҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
— Бұл турнирдің еліміздегі шахмат спорттың студенттер арасында, жастар арасында дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бүгінгі күннің ерекшелігі, осы жарыс аясында Қазақстан республикасы шахмат федерациясы мен Қазақстанның ұлттық студенттер спорт одағы арасында өзара қарым қатынасқа бағытталған меморандумға қол қойылғалы жатыр.

Турнирде 1-ші және 5-ші орынға шыққан командалар мынадай ақшалай жүлдемен марапатталады: 1-орын үшін – 900 мың теңге, 2-орын – 600 000, 3-орын – 400 000, 4-орын – 300 000 және 5-сорын – 200 000 теңге.
———————————————