Руслан Берденовті атқан күдікті қамауға алынды | 22.04.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

БЕРДЕНОВ ТІРІ
Берденовтың беті бері қарады. Оқ тиіп жараланған Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына операция жасалды. Өміріне қауіп жоқ. Оны атқан күдікті қамауға алынды. Ал бұл қылмысқа не үшін барғаны белгісіз.

САЛЫМШЫ ОБАЛЫ
Ақтөбеде тұрғын үй құрылыс кооперативінің төрағасы 75 адамды алдады. Ол 6 жыл бұрын екі көппәтерлі үй салу үшін тұрғындардан 420 млн теңге жинап алған. Енді не ақша, не үйдің бетін көрмеген салымшылар сотқа жүгінді.

ЕСІЛ АҒАДЫ
Петропавл іргесіндегі Заречный кентіне барар жолды су басты. Есіл ернеуінен асқан. Қазір құтқарушылар тұрғындарды әрі-бері арнайы техникамен тасып жатыр.

ТІКҰШАҚПЕН БАРАДЫ
Қостанай облысының санитарлық әуе қызметі жаңа тікұшақпен толықты. Енді дәрігерлер өңірдің қиырдағы елді мекендеріне қиындықсыз барып, қиналған науқасқа жедел жәрдем береді.

ЖАСАНДЫ ЗЕРДЕ
Биыл еліміздің шығысында оқып жатқан бір мың студент жаңа бағдарлама иесі атанады. Олар жасанды интеллект игілігін медицина және өнеркәсіп салаларында еркін пайдалануды меңгеріп шығады.
———————————————