Қарағанды қаласының орталығында жаппай жол апатына себепкер болған кәсіпкерге қатысты сот отырысы басталды. Бес көлік соқтығысқан апатта бір ер адам қаза тауып, үш адам жарақат алған еді. Оның ішінде жүкті әйел де болған. Айыпталушы 56 жаста. Енді кәсіпкер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін ол өз кінәсін мойындап, жапа шеккендерден кешірім сұрады. Бастапқыда айыпталушы жол апаты болған сәтте өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалдым деп ақталған. Алайда бүгін прокурор оның эпилепсиясы да, жүрек ауруы да болмағанын, сол себепті ақталуға негіз жоқ екенін мәлімдеді.
ӘСЕЛ АМАНТАЕВА, ПРОКУРОР:
— Айыпталып отырған іс-әрекетке дейінгі үш секунд ішінде тексерілушіде ешқандай уақытша немесе психикалық ауытқулар байқалмады. Сергей Васильевич Камаев тергеу мен сотқа қатыса алады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.