Аңқау елге арамза молда. Ақтөбеде емшімін деп елді алдаған әйел алаяқтық ісі бойынша сот алдында жауап беріп жатыр. Ол дертіне дауа іздеп барғандарды арбап, несие рәсімдетіп, оны өз шотына аударып отырған. Сөйтіп, жүзге жуық адамның ақысын жеген.
Тұрғындар гипноздың құрбаны болғанын айтады. Олардың әрқайсысы 1 млн-нан 30 млн теңгеге дейін аударған. Емделушілер алданғанын артынан білген. Яғни ай сайынғы төлемді жасау туралы хабарлама келгенде бірақ түсінген. Сөйтіп, прокуратураға шағымданып, іс сотқа жетіп отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.