Енді балалар дәрігері бөлек оқытылады

Педиатрлар аурухана мен емханаға қайтарылады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл бағытты резидентурада ересектерден бөліп оқытуды шешкен. Осылайша, резидент-дәрігерлер 27 жаңа бағыт бойынша білім алады. Олар – балалар кардиологиясы, аллергология және иммунология, балалардың жақ-бет хирургиясы, балалардың пластикалық хирургиясы және тағы басқа. «Бұл шешім балалар дәрігерінің тапшылығын азайту қажеттілігімен байланысты», — дейді мамандар.
Бұдан бөлек, Қорғаныс министрлігінің ұсынысы бойынша резидентураға «әскери терапия» және «әскери хирургия» сияқты мамандықтар енгізілді. Бұл армияда қызмет ететін білікті медициналық кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұндай бастаманы қолдап отыр. «Кадр даярлаудың жаңа жүйесі педиатрлар жетіспеушілігі проблемасын шешер еді», — дейді мәжілісмен.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Педиатрларды даярлау қажет деп есептеймін. Сондықтан біздің медициналық оқу орындарында педиатр дайындайтын болғаны – дұрыс шешім.
———————————————