Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды

Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды. Зілзала қуаты 6,2 балға жеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Дүмпудің эпицентрі Силиври қаласынан 26 шақырым жердегі Мәрмәр теңізінде болған. Ол шамамен 10 секундқа созылған. Табиғи апат Түркия жұртын үрейлендіріп, біразын байбаламға салды.
Зілзала сезілген кезде телеарнада эфир жүргізіп отырған тілшілерге туыстары хабарласып, алаңдаушылық білдірген.
———————————————