Солтүстік Қазақстан облысында Прибрежное ауылы аралда қалды. Мыңға тарта тұрғыны бар елді мекенді су жан-жақтан қоршап, кіре беріс жолды да басқан. Осыған байланысты ауыл шетіне арнайы полиция бекеті қойылды. Қазір тәртіп сақшылары мен құтқарушылар тәулік бойы кезкшілік етуде. Жеңіл көлік үшін қозғалыс шектелді. Сондықтан халықты төтенше жағдай қызметінің жүк көлігі әрі-бері тасымалдауда.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, су жылдам көтеріліп келеді. Сондықтан түнгі уақытта қозғалыс мүлдем тоқтатылады. Жалпы аймақта қазір тасқынның үшінші толқыны жүріп жатыр. Есіл өзені тасып, жан-жаққа жайылуда. Мамандардың айтуынша, айдың соңында судың деңгейі тағы да көтеріледі.
САҚТАҒАН СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Былтыр Прибрежное ауылы 40% суға кеткенін растаймыз. Күзде-қыста үлкен шараларды өткізіп, бөгеттерді, үлкен дамбаны салдық, қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ. Түнгі 22:00-ге қарай жүру тәртібін тоқтатамыз, шектеу қоямыз. Өйткен ол біздің азаматтардың қауіпсіздігі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.