Өскемен іргесінен 50-ден астам заңсыз полигон табылды

Өскемен маңы қоқыс алаңына айналып барады. Қала іргесінен 50-ден астам заңсыз полигон табылды. Енді оларды бір жерге жинау мәселесі шешімін таппай тұр. Шетте тұрмыстық қалдықты төгетін орын жоқ. Бұрынғы қоқыс полигонының толғанына 20 жылдан асқан. Ал жаңасын салу үшін жер учаскесі әлі анықталмаған. Қазір жергілікті билік өкілдері қолайлы аумақты іздестіріп жатыр. Айтуларынша, Глубокое және Ұлан аудандарында бос учаскелер бар. Бірақ ондағы тұрғындар қоқыс алаңын ашуға қарсы. Жалпы тұрмыстық қалдық мәселесін шешу үшін болашақта өңірде кемінде бес қоқыс полигонын салу қажет.
ЗАМИРА МҰРСӘЛІМОВА, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Қазір жаңа полигон салу үшін жер учаскесі іздестіріліп жатыр. Яғни шаруа жалғасуда. Тіпті облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Нысан экологияға қауіп төндірмеуі керек. Барлық талап ескеріліп жатыр.
———————————————