ШҚО-да құрғақ шөп жану фактісі көбейді

Шығыс Қазақстан облысында өткен демалыс күндері құрғақ шөптің 150-ден астам жану фактісі тіркелді. Бұл өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда екі есе көп. Осылай деп дабыл қаққан құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертіп жатыр.
Өскемен мен Риддер қаласы маңында да ондаған гектар аумақты қызыл жалын шарпыды. Салдарынан теміржол желілерімен жақын маңдағы ауылдарға қауіп төнді. Абырой болғанда от ауыздықталды. Қауіпті маусым басталғалы арнайы мобильді топ жасақталды. Олар қазір аудандарға шығып, түсіндірумен айналысуда.
Айта кету керек, тәртіпке бағынбай заң бұзғандар айыппұл арқалап, тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
НҰРЖАН ӨМІРЖАНОВ, ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Мұндай рейдтік жұмыстар кезінде бұзушылыққа жол берген тұлғалар кездескен кезде бұл адамдар ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 336 және 410-баптары бойынша жауапкершілікке тартылып жатыр. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан үлкен материалдық шығын немесе адам өлімі тіркеліп жатқан кезде қылмыстық жауапкерлішік бар екенін де ескертеміз.
———————————————