«Үлкендердің» тепкісінен оқушы көз жұмды | 14.04.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

АЖАЛ ШҰҢҚЫРЫ
Шымкентте 7 жасар бала қоршалмаған шұңқырға құлап, көз жұмды. Жыл бойы тұрғындардың талабын тыңдамаған билік бүгін судың бетін топырақпен жабуға арнайы техника жіберді.

КУРСАНТТАР ТӨБЕЛЕСТІ
Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының 40 курсанты төбелесті. Бірінің мұрны сынып, бірінің денесі көгеріп, әскерилер медициналық көмекке жүгінген.

АЛДАМШЫ ҰЙЫМ
Алматыда микроқаржы ұйымын құрып, 327 мыңнан астам азаматты тақырға отырғызған күдіктілер ұсталды, 32 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.

МОПЕДШІГЕ АЙЫППҰЛ
Алматыда 9 тәулік ішінде 552 мопед жүргізушісіне айыппұл салынды. Ал Ақтөбеде тіркелмеген мопедпен 15 жастағы жасөспірім жол апатына ұшырады.

ӘБДІМОМЫН ӘЛЕМІ
Ән әуелеп, күй күмбірледі. Ел еліте тыңдайтын «Ерке сылқым» күйінің авторы, күйші Әбдімомын Желдібаевты еске алу кеші Астанада өтті.
———————————————