Лифтідегі оқиғаға қатысты жаңа ақпарат шықты. Іс «Бұзақылық» бабымен сотқа жіберілген. Жәбірленушінің ата-анасы бұл шешіммен мүлдем келіспейді. Олар істі балаға жасалған қастандық ретінде қарау керек дейді. Бұл туралы адвокат Динара Шамшекова мәлімдеді.
Еске салайық, Астана қаласындағы тұрғын үйдің бірінде лифтіде жасөспірім 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған еді. 14 жастағы жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Ал зардап шеккен жеткіншекке ота жасалып, әлі күнге дейін ем алып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.