Қызылордада қаңғыбас бала көбейіп кеткен. «Жасөспірім» жедел профилактикалық шарасы аясында полицейлер панасыз қалған төрт жеткіншекті уақытша бейімдеу орталығына жеткізді. Одан бөлек түн жорытып, кезбелікке салынған 5 бала арнайы есепке алынды. Тәртіп сақшылары қолдарына пышақ пен кастет ұстап, қоғамдық орында әркімге тиісіп жүрген үш жасөспірімді полиция бөлімшесіне жеткізді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ата-ана қадағалауы болмағандықтан түнгі клуб пен ойын-сауық орталықтарында оқушы өріп жүретін көрінеді. Одан қалды рұқсатсыз көлік тізгіндейтін жасөспірімнің де қарасы көп. Күні кеше жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы көшені жарыс алаңына айналдырған 17 жастағы Арал тұрғыны ұсталды. Көлік жүргізу құқығы жоқ бозбалаға екі хаттама толтырылды.
РАУАН ӘЛДЕШОВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Ата-аналық міндеттерін орындамай жүрген 14 ата-ана профилактикалық есепке алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта шараның жүргізілуі жоғары деңгейде өткізілуі департаменті басшысының бақылауында.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.