Алматыда жүк көлігі сүйретіп келе жатқан «ВАЗ» маркалы автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қозғалыс кезде камаз бен автобусты жалғап тұрған сүйреу ілмегі үзіліп кеткен. Сол бетпен тоқтамаған автобус ырыққа бағынбай тротуарға қарай бағыт алған. Осы сәтте ол жол жиегіндегі қоршауды бұзып, сол жерде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ауыр жарақат алған 35 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмған.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қазіргі таңда Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасымен Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.