Семейде қайғылы жағдай. Қозғалыссыз тұрған жүк пойызының астынан өтпек болған әйел адам қаза тапты. Оқиға кеше «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған. Марқұм шойынжол көлігінің жүргенін күтпестен, теміржолдың ар жағына өту үшін тауар тиелген вагондардың астына кірген. Ал көлік құралы сол сәтте-ақ жүріп кетіпті. Куәгерлер оны бірден жүріп бара жатқан пойыздың астынан шығарғанымен, әйел адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.