Шымкентте №9 лицей 90 млн теңгеге А4 қағазын сатып алмақ болған. Мектеп әкімшілігі мемлекеттік сатып алу лимитінен асып, 2-3 мың дана емес, 45 мың дана ақ қағаз алуды жоспарлаған. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұны заңсыз деп тапты. Биология кабинетін жасақтау және коммуналдық қызмет үшін 500 млн теңгеден астам қаржы жоспарлағандар да болыпты. Ал қаладағы тағы бір мекеме асфальт сатып алу үшін 759 млн теңге бекіткен. Бұл – өте жоғары баға. «Жалпы жыл басынан бері осы және өзге де бұзушылықтардың алдын алу нәтижесінде бюджеттің 4 млрд теңгеден астам қаржысы үнемделді», — дейді жауаптылар.
ЖАНДОС БЕКАСАНОВ, ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Департаменттің бастамасымен бюджеттік және қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін сомаға мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларына қол қойғаны үшін 5 мемлекеттік ұйымның лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 15 МРП айыппұл қарастырылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.