Сарыағашта баланы еденде сүйреген маман қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Түркістан облысының білім басқармасы бейнематериалдағы жағдайды назарға алды. Оқиға жекеменшік коррекциялық орталықта болған. Ер адам – мұғалім емес, арт-терапевт маманы. Ол жұмыстан босатылды. Бүгінде балаға қажет психологиялық қолдау көрсетілген. Жеткіншек сабаққа қатысып жүр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.