Диқаншылар 500 млн теңге өтемақыны қайтаруға мәжбүр

Алғанын қайтарсын! Жамбыл облысында 69 диқан құрғақшылықта мемлекеттен алған 500 миллион теңге өтемақыны қайтаруға міндеттеліп жатыр екен. Бұл қаражатты шаруалар 2023-ші жылы материалдық шығын ретінде алып, мақсатты жұмсаған. 2 жыл бұрын өңірде қуаңшылық болып 6 ауданнан 400 шаруа қожалығы шығынға батқан болатын. Тіпті төтенше жағдай жарияланған. Арнайы комиссия құрылып, 3 ай бойы зардап шеккен егістік алқабы тексерілген. Енді 69 шаруа бюджетке сол жылы алған өтемақыны қайтару туралы хабарлама алғанда төбелерінен жәй түскендей болып отыр. Бұған ревизиялық комиссияның тексерісі себеп болса керек. Шаруалармен бірге ауыл шаруашылығы басқармасы басшылары да аң таң. «Ендігі үміт прокурорларда», — дейді шаруалар.
———————————————