Шығыста құрғақ шөп өртенді. Жалын Зайсан ауданы аумағындағы 2 мыңнан астам гектар қамысты шарпыған. Батпақты жердегі отты ауыздықтау оңайға соқпады. Қамыс биік, қатты жел жағдайды одан сайын қиындатты. Сондықтан өртпен күреске тікұшақтар тартылған. Құртқарушылар жерден де, ауадан да су шашып, тілсіз жауды оқшаулады. Оттың таралуына жол бермеу үшін жанған аумақтың айналасы минералды жолақпен қоршалған. Оған қоса, жан-жағы қазылды. «Осының арқасында жалын Біржан ауылына жетпей тоқтады. Жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ», — дейді төтеншеліктер. Соңғы бірнеше тәулікте аймақта құрғақ шөп өртенудің 150-ден астам дерегі тіркелді.
АМАНЖОЛ ҚИЗАТОВ, ӨРТ СӨНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
— Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы департаменті, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылықтарының күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ Қазавиақұтқару тікұшағы, ШҚО әкімдігі аппаратының тікұшағы жұмылдырылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.