Қарулы Күштер ардагерлері мен ауған жауынгерлері сарбаздармен кездесті

Жеңіс шеруіне күні-түні дайындалып жатқан сарбаздар жаттығуды бір сәтке тоқтатты. Астана іргесіндегі далалық лагерге Қарулы күштер ардагерлері, Ауған соғысына қатысушылар мен Чернобыль апатының зардабын жоюға атсалысқан азаматтар келіп, әскерилермен танымдық кездесу өткізген. Ардагерлер ел армиясының қалыптасу кезеңі, әскери қызмет барысында болған жарқын оқиғалар мен егемен Қазақстан тарихындағы алғашқы шеру туралы естеліктерін айтты. Отставкадағы контр-адмирал Ратмир Комратов: «Шеруге шығу елдің мықты, ал әскердің дайын екенін білдіреді», — деп сарбаздарға батасын берді.
ҒАЛЫМБЕК ҚОЖАХМЕТОВ, ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:
— Дайындық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл лагерьді TikTok-тан көрдім. Парадқа қатысатын барлық әскери қызметшілерге сәттілік тілеймін. Қазақстанның Қарулы Күштері өз қуатын толық көрсетсін деп тілеймін.
———————————————