Ақтөбелік коллекционер Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енуді армандайды. Ерболат Қуанышев 13 жыл асық жинаумен айналысады. Бүгінде 3,5 мыңға жуық асығы бар. Осылайша, ұлттық ойынның бұл түрін халық арасында кеңінен насихаттамақ. Бастапқыда бұл сүйікті ісі болса, кейін оның коллекциясы көбейіп, маңызды ісіне айналған. Өзінің жеке шаруа қожалығы бар. 49 жастағы шебер үй жануарларының сүйектерінен кәдесыйлар да жасайды. Болашақта үлкен асықтың мүсінін жасауды жоспарлап отыр. Ал асықтарды жақсы сақтау үшін тыңғылықты өңдеп, бірнеше сағат қазандықта қайнататын көрінеді.
ЕРБОЛАТ ҚУАНЫШЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— 2 метрлік қылып асықтың мүсінін жасауға болады. Үстел істегіміз келеді. Менде асық көп. Гиннес рекордтар кітабына енсем жақсы, әрине. 13 жылғы еңбегім.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.