Автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті | 15.04.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

ҚАУІПТІ АВТОБУС
Алматыда жүк көлігі сүйреп бара жатқан автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алаңсыз тұрған 35 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды.

БАЛАНЫ СҮЙРЕДІ
Сарыағаштағы даун синдромы бар баланы сүйреген арт терапевт жұмыстан қуылды. Әлеуметтік желідегі бейнежазбадан соң қылмыстық іс қозғалды.

СУБСИДИЯНЫ ҚАЙТАРАДЫ
Сұрауы бар субсидия. Жамбыл облысындағы сексенге жуық диқан құрғақшылық кезінде мемлекет берген 500 миллион теңге өтемақыны қайтаруға мәжбүр.

ҰРПАҚ ДИАЛОГЫ
Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық қызды. Далалық лагерге Қарулы Күштер ардагерлері мен ауған жауынгерлері барды.

АСЫҚ ЖИНАҒАН ОЗАР
Тағы бір қазақстандық Гиннес рекордын жаңартпақ. Ақтөбелік коллекционер, қарапайым шаруа шеберханасындағы сүйекпен елді қалай таң қалдырды?
———————————————