Шымкенттегі 6 жасар баланың өліміне байланысты аудан әкімі қызметінен босатылды

Шымкенттегі 6 жасар баланың өліміне байланысты аудан әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы қала басшысының орынбасары мәлімдеді. Сонымен қатар бірқатар лауазымды тұлғаларға сөгіс жарияланды.
Еске салсақ, 12 сәуір күні 1-сынып оқушысы нәжіс толы шұңқырға құлап көз жұмған еді. Қаланың шетіндегі ауданда бүлдіршіннің өмірін жалмаған ұңғыма бір жылдан бері ашық жатқан. Тұрғындар шұңғырды қоршауды сұрап талай рет әкімдікке шағымданған. Алайда жергілікті билік тек баланың қазасынан кейін ғана шұңқырдың беті жаба бастады.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жіберілген қателіктер үшін Қаратау ауданының әкімі жұмыстан босатылды. Ал энергетика басқармасының басшысына өзінің қызметтік міндетін дұрыс атқармағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Ал қала әкімінің орынбасарына сөгіс жарияланды. Біз де өзіміздің тарапымыздан кеткен қателікті мойындаймыз.
———————————————