Анасын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

Шымкентте анасын өлтіріп, денесін өртеп жіберген ер адамға сот үкім кесті. Бірақ 1994 жылғы азамат денсаулығына байланысты сот процесіне қатысқан жоқ. Медициналық сараптамалар оның шизофрениямен ауыратынын дәлелдеген. Сот «Адам өлтіру» бабымен айыпталған күдіктіні Қылмыстық Кодекстің 16-бабы бойынша жауаптылықтан босатты. Яғни заң бойынша қауiптi іс-әрекеттi жасаған уақытта есi дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Судья анасын өлтірген ер адамға психиатриялық-стационарда мәжбүрлеу емдеу түрін тағайындады. Яғни ол дені сау емес адамдарға арналған түзеу колониясында емделеді. Айта кетейік, ер адам бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
ӘБИНҰР ҚАРАБАЕВ, СУДЬЯ:
— Жолдыбаев Дархан ҚК 16-бабына сәйкес қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болғанына байланысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Жолдыбаевқа интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық-стационарда мәжбүрлеп емдеу түрі тағайындалсын. Қылмыстық іс өндірістен тоқтатылсын.
———————————————