Өрт сөндіруші аммиак қоймасын құтқарып, қаза тапты

Аммиак қоймасын құтқарып, өзі қаза тапты. Жетісуда балық зауытындағы жарылыстың алдын алған құтқарушы Рүстем Серікқалиұлы бүтін бір ауыл тұрғынын аман алып қалды. Қызыл жалын Бұлақты ауылында орналасқан кәсіпорынның шикізат қабылдау қоймасы мен мұздатқыш камерасын шарпыған.
Өрт сөндірушілер жалынның аммиак құйылған ыдыстарға таралуына жол бермей, 700 метрдегі отты ауыздықтады. Тілсіз жаумен арпалыс кезінде кіші сержант баспалдақпен химиялық заттары бар қойманың төбесіне көтерілген. Өрт сөндіріп жатқанда шатыр сынып, ол 3-3,5 метр биіктіктен зауыттың ішіне құлап, ауыр жарақат алды. 28 жастағы азамат ауруханада көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды.
ГҮЛДЕН ЫҚЫЛАСБАЕВА, ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Әскери қызметшінің қаза болуына байланысты әскери тергеу басқармасымен іс қозғалды. Ал өрт фактісі бойынша департаментпен әкімшілік іс қозғалды. Зауытқа жақын орналасқан тұрғын үйлерден 200 адам қауіпсіз жерге, ауылдың мәдениет үйіне көшірілді.
———————————————