Прокурор Перизат Қайратқа 10 жыл жаза сұрады

Астанада өтіп жатқан сот процесінде мемлекеттік айыптаушылар Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты нақты жаза мерзімін ұсынды.
Прокурор Арман Кезекеннің мәлімдеуінше, Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасын 8 жылға бас бостандығынан айыру керек. Сондай-ақ прокурорлар айыпталушылардың қылмыстық жолмен алынған мүлкін тәркілеуді сұрап отыр. Бұл қаражат жәбірленушілерге қайтарылуы тиіс.
Еске салайық, Перизат Қайратқа қатысты тергеу ісі қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Оған су тасқыны кезінде жиналған қайырымдылық қаржысын жымқырды, жеке қажеттіліктерге жұмсады, сондай-ақ ақшаны заңдастыру үшін оны туыстары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырды деген айып тағылды. Перизат Қайраттан жауап алу процесі жабық форматта өтті. Сот отырысына БАҚ өкілдері қатыстырылған жоқ. Ал Ғайни Алашбаева сотта жауап беруден бас тартты.
МАДИНА ОРАЗАЛИНА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
— Сот-психологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, Instagram желісінде жарияланған жазбаларда көрермендер мен оқырмандардың эмоционалды-психологиялық жағдайына әсер етіп, қаржы жинауға итермелеуі мүмкін үндеулер мен психологиялық тәсілдер бар.
———————————————