Автобус апаты: екі аяғынан айырылған қыз бала оңалту орталығынан шығарылды

Астанада автобус апатынан екі аяғынан айырылған қыз бала оңалту орталығынан шығарылды. 7 жастағы Алуа Бекеннің анасының айтуынша, қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. Алдағы уақытта олар басқа орталықта емделуді жалғастырады. Жақын арада отбасы қызға арналған протездерді сатып алуға кіріспек. Қазіргі таңда олар реабилитация кезеңінде уақытша берілген төрт бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. «Бұл тұрғын үй пайдалануға биыл қазан айында берілмек», — деді жеткіншектің анасы.
Еске салайық, Алуа 2 маусым күні Астанада болған жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған еді. Автобус бағанға соғылып, салдарынан 15 жолаушы зардап шекті. №1 қалалық автобус паркінің мәліметінше, жүргізуші бағанды байқамай қалған.
———————————————