Қазақстан – Өзбекстан шекарасында туннель қазып, жанармай тасымалдаған

450 метрлік жасырын жерасты өткелі табылды. Туннель Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта қазылған. Қылмыстық топ 2 ай бойы осы құпия жол арқылы жанар-жағармай тасыған. Қаржы мониторинг агенттігі, ҰҚК, прокуратура және Өзбекстан құқық қорғау органдарының көмегімен арнайы операция жүргізіп, бес күдіктіні ұстады.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген. Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлға анықталды. Қазақстан Республикасының бес азаматы күдікті ретінде танылды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
———————————————