Жыл басынан бері Қазақстанда мобильді байланыс тарифтері орта есеппен 25% өсті. Минималды өсім – 500 теңге. Сонымен қатар бірқатар арзан тарифке қосылу мүлде мүмкін болмай қалған. Байланыс операторлары бағаның өсуін экономикалық және стратегиялық себебі бар деп түсіндіреді. Оның ішінде инфляция, қолданушы санының артуы, инфрақұрылымды жаңғыртудың қажеттілігі де бар.
Айта кету керек, Қазақстанның байланыс нарығы айтарлықтай монополияланған — іс жүзінде үш-ақ компания жұмыс істейді әрі олардың атауы да, тұтынушы базасы да бұрыннан қалыптасқан. Олар: Beeline, TELE2/Altel және Kcell/Activ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.