Жыл басталғалы 140 БАҚ тіркеуден шығарылды. 74 мыңнан астам құқыққа қайшы контент анықталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде елімізде 4 871 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 3 002 мерзімді басылым, 236 телеарна, 98 радио және 1 231 онлайн-басылым бар. Заңсыз контенттің 36 мыңнан астамы интернеттен, 12 мыңнан астамы онлайн платформалардан жойылды. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық, бірлескен жоба мен телеөндірісті дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.